Тазабектің үйінде 20 уахабиспен бас қостықby Qazaqeli. ru   3 years ago

438,487 views

2,770   618

"Бұл - осыдан 11 жыл бұрын болған оқиға. Шорабек Айдаров деген үлкен айтыскер ақынның елуге толған мерейтойынан кейін Шөкеңнің достарын, шәкірттерін үйге қонаққа шақырған едім. Ол жерге келген Шорабек ағамыздың өнердегі шәкірттері, асабалар және қызмет етіп жүрген күйеу балаларым. Сол тойға қатысқандықтан, Мекемтас ағамызды да «үйден шай ішіп кетіңіз» деп үйге шақырдым. Отымның басына, бала-шағамның қасына Мекемтас ағамызды үлкен ақсақал деп шақырдым, - деді Мұхамеджан Тазабек
"Біз қазір діни ғұламаға мұқтажбыз. Ақсақалға мұқтажбыз. Дастарханда бата беретін ақсақал көп. Бірақ ажырасайын деп жатқан екі жасқа ақыл айтатын ақсақал жоқ. Шапан киіп, шалқып төріңде отыратын шал бар, бәтуәлі сөз айтып, дұрыс жол нұсқайтын қарияға мұқтаж боп отырмыз. Кеше зиялыларымыздың, қаймақтарымыздың қырылып кеткені сондай, Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды, әлі есімізді жия алмай келе жатырмыз. 5 мың теңгенің тамағын берсе, жастарымыздың шешініп кететін қасіретін көріп отырмыз. Жұрт зиялы қауым деп отырған кісілер болмайтын тақырып үшін бір-бірінің бетінен алып, өзінен кейінгілерге үлгі көрсете алмайтын зиялылардың замандасымыз. Жұрт ақсақал деп үлгі тұтып, бетіне қарап отырған ақсақалымыз осылай көзіңді бақырайтын қойып жала жауып, өтірік айтатын заманның куәгеріміз"
http://goo.gl/K3RVbD
Подписывайтесь на наш канал
http://goo.gl/K3RVbD

Comments